Ұшақтар кешіккен күн: Қаңтар оқиғасы кезінде Әуежайда қалып қалған подкастер Елдар Құдайбергеновтың әңгімесі

Qaz365.kz редакциясы

Алматы әуежайындағы тәртіпсіздіктер туралы оқиға орнында болған Елдар Құдайбергенов подкастында баяндап берді

2022 жылдың қаңтар айында орын алған оқиға тарихта қайғылы кезең ретінде жазылып қалды. Жаңа жылдық демалыста Жаңаөзен қаласында басталған бейбіт шерудің арты республика көлемінде тәртіпсіздікке әкеліп соқты. 

“Қаңтар оқиғасы”  кезінде Алматы халықаралық әуежайын арандатушылар басып алған еді. 5 қаңтар күні 800-ге жуық бүлікші 5 рейстің ұшуына кедергі келтірді. Салдарынан ұшуға тиіс 60 рейс пен ұшып келуге тиіс 56 рейс тоқтатылды. Бұл Алматы қаласында жолаушылар үшін үлкен проблемалар туындатты. Әуежай ғимаратын талқандап, бүлдіріп, тұрақтағы көліктерді өртеген. Әуежай ғимаратындағы барлық сауда дүңгіршектері мен дүкендер, кассалар тоналды. Тура бір жыл өткеннен кейін Алматы әуежайындағы тәртіпсіздіктер кезінде оқиға орнында болған Елдар Құдайбергенов подкастында баяндап берді. Подкасттың толық нұсқасы мына сілтемеде