«Гастроорталық» Бишімбаевтың әйелі өлі табылған мейрамханамен келісімшартты бұзды

Qaz365.kz редакциясы

"Гастроорталықты" күзету жөніндегі қауіпсіздік шаралары күшейтілетін болады

Фото: Борис Оленев

Гастроорталықта өз ғимаратында орналасқан “BAU” мейрамханасында Салтанат Нүкенованың қайтыс болуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“BAU” мейрамханасы басқа 30 мекеменің қатарында Гастроорталық аумағында жалға алу негізінде жұмыс істеген.

"Құрылтайшылардың бірауыздан шешімімен "BAU" мейрамханасының иелерімен жалдау шарты бұзылды. "Гастроорталыққа" жаңа директор тағайындалды. "Гастроорталықты" күзету жөніндегі қауіпсіздік шаралары күшейтілетін болады: күзет қызметтерін көрсететін ұйымдармен келіссөздер жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 9 қараша күні бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін өлімші етіп сабап өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Ол 2 айға қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ішкі істер министрінің орынбасары Қанат Қожаев тілшілерге  сот-медициналық сараптама қорытындысы бір ай көлемінде шығады деп айтты.