Үржарда қалың қардың астында қалған ер адамды көршілері құтқарып қалды

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға 7 қаңтарда орын алған

egemen.kz

Желіде қалың қардың астында қалған ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды qaz365.kz.

Оқиға 7 қаңтарда орын алған.

Бейнежазба авторлары қалың қар Үржар ауданында жауғанын айтады.

Бейнежазбада қардың тым қалың жауғанын, салдарынан ер адам қардың астында қалғанын көруге болады.

Қалың қардан өз күшімен шыға алмайтынын түсінген ер адам ұялы телефоны арқылы көршілерін көмекке шақырған.

Аудан тұрғындары оны аман алып қалды.

Еске сала кетейік, Үржар ауданында 3 қаңтардан 4 қаңтарға қараған түні толассыз қар жауып, оның биіктігі 1 метрге дейін жеткен.