Ақмола облысындағы тасжолда 9 көлік бір-біріне соғылды

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға Астана-Петропавл автожолында орын алған

ашық дереккөзден

Ақмола облысындағы тасжолда жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

8 қаңтарда Астана - Петропавл автожолының 236-шақырымында 9 көліктің қатысуымен жол апаты болды.

34 жастағы ВАЗ 2109 көлігінің жүргізушісі жол-метеорологиялық жағдайды ескермей, 64 жастағы астаналық тізгіндеген Chevrolet Cobalt автокөлігімен және Беларусь Республикасының 38 жастағы азаматының басқаруындағы Volvo автокөлігімен соқтығысуға жол берген.

Содан кейін тағы 6 көлік соқтығысқан: Renault Sandero, Газель, 2 Toyota Camry, Daimler Chrysler және Toyota Prado.

Жол апаты салдарынан «Авиценна Бурабай» ЖШС-не 19-49 жас аралығындағы 2 жүргізуші мен 7 жолаушы жеткізілді.

6 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.