Петропавлда анасы мен өгей әкесі 7 жасар қызды ұрып тастаған

Qaz365.kz редакциясы

СҚО-да анасы мен өгей әкесі 7 жасар қызды ұрып-соққан

Фото: ашық дереккөзден

СҚО Полиция департаменті 7 жасар қызын ұрып тастаған анасы мен өгей әкесіне қатысты іс қозғады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

23 қараша күні сағат 17:00 шамасында Петропавл қаласы полиция басқармасының бірінші полиция бөліміне облыс орталығындағы орта мектептердің бірінің медицина қызметкері 2-сынып оқушысын ұрып-соғу фактісін анықтағаны туралы хабарлама берген.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша Петропавл қаласы полиция басқармасында Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қыз бала болса, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», – делінген хабарламада.

Тергеу барысында 2-сынып оқушысының жарақатына оның 26 ​​жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі себеп болғаны анықталды. Олар баланың тәртібі дұрыс болмағанын алға тартып, өз кінәларын жоққа шығармады.

«Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Нәтижесінде түпкілікті процестік шешім қабылданады», – делінген хабарламада.