Таразда "Ауыл-Береке" базары өртенді

Qaz365.kz редакциясы

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ

exk.kz

Тараз Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша бүгін, 30 қазан таңертең “Ауыл-Береке” базарында өрт шықты, деп хабарлайды qaz365.kz.

"30 қыркүйек күні сағат 07:52-де Мәмбет батыр көшесіндегі "Ауыл-Береке" базарының асханасы мен сауда дүңгіршіктерінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда",  делінген Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында. 

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 56 қызметкері мен 13 техниканың жеткені атап өтілді.

«Өрт таңғы 8.30-да оқшауланды, бірақ оны жою әлі жалғасуда»,  деп хабарлады өңірлік ТЖД.