Депутаттардың сынынан кейін ІІМ елдегі есірткі бизнесімен белсенді күресе бастады

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін депутаттар ІІМ-нің есірткімен күрестегі жұмысын сынға алған еді

Фото: egemen.kz

Желтоқсанның екінші онкүндігінде полицейлер 150 кг түрлі есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері аумақтық бөліністермен бірлесіп, желтоқсан айының екінші онкүндігінде есірткінің ірі партияларын тәркілей отырып, бірқатар қылмыскерді ұстады.

«ІІМ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны, сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескертеді», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Еске салайық, Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Ішкі істер министрі Ержан Сәденовты есірткімен күресте нақты істерді атқаруға шақырған еді. Депутаттың айтуынша, есірткі қылмысында орындаушылар ұсталғанымен, соны ұйымдастырып отырғандар құтылып кетеді.