Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамалды

Qaz365.kz редакциясы

Әнші бұзақылық фактісі бойынша ұсталған

стоп-кадр

Танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды qaz365.kz  тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Бүгін, 30 қыркүйекте күдікті Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жан-жақты, толық және объективті тергеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қабылдайтынын ескертемін. Қылмыстық істің тергелу барысы мен нәтижелері Алматы облысының полиция департаментінде бақылауға алынды», ‒ деді Алматы қаласы ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов. 

Әнші 28 қыркүйекте Көлсай аумағында орын алған бұзақылық фактісі бойынша ұсталған. Аталған іс бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.