Шымкентте ауыз су құбырлары аяздан қатып, жарылып жатыр

Qaz365.kz редакциясы
azattyq-ruhy.kz

14-қаңтардан 15-қаңтарға қараған түні қаладағы бірнеше тұрғын үй алаптарында ауыз су құбырлары мұз қатып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Осыған орай жауапты сала мамандары әлеуметтік желілерде және ауызша ескерту шараларын жүргізіп жатыр. 
Мамандар сөзіне қарағанда, қатты аязға төтеп бере алмаған су құбырлары мұз қатып, жарылып жатыр.  Сондықтан тұрғындарға үйдегі су бұрандаларын толық жаппай, аз ғана сылдыратып ағызып қоюға кеңес береді. 
Сондай-ақ, істен шыққан құбырлар тез арада қайта қалпына келтіріліп жатқанын айта кеткен жөн.