Қазақстанда ресейлік «Вкусно и Точка» тез тамақтану желісі ашылуы мүмкін

Дина Әділ

Ол Қазақстаннан жақында кеткен McDonald's-ты алмастыруы мүмкін

фото: ашық дереккөзден

2023 жылдың 5 қаңтарында McDonald's Қазақстандағы жұмысын тоқтатқан болатын. Араға екі апта салып ресейлік «Вкусно и Точка» азық-түлік желісі ҚР Әділет министрлігіне тіркелу туралы өтініш жібері деп хабарлайды, qaz365.kz

“Сарапшылық ұйым «Система ПБО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан берілген «Вкусно и Точка» ауызша белгілері бар тауар таңбаларын тіркеуге өтінімдерді қарауда”, – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов McDonald's-тың кетуіне реакция білдірді. Оның айтуынша, елімізде халықаралық брендтердің болғаны жақсы, бірақ фастфудтың адамға тигізетін пайдасы шамалы.