Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарын тағайындады

Qaz365.kz редакциясы

ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары

Фото: Қорғаныс министрлігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары етіп Сұлтан Қамалетдиновты тағайындады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген ресми құжатта. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.