Киев маңында тікұшақ құлап, Украина ішкі істер министрі қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы
Twitter/TT_TTINFO

18 қаңтарда Киев облысының Бровары қаласында Украинаның ішкі істер министрі Денис Монастырский, оның орынбасары Евгений Енин мінген тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Украина Ұлттық полициясының басшысы Игорь Клыменконың айтуынша, Украина мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің тікұшағы апатқа ұшыраған.

Қазіргі уақытта 16 адамның қаза тапқаны белгілі, оның ішінде екі бала бар. Зардап шеккендердің 22-сі ауруханада жатыр, оның 10-ы балалар.

Барлық мамандандырылған қызметтер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.