Тараздағы "Ақсай" базары өртенді

Qaz365.kz редакциясы

Жамбыл облысы құтқарушыларының күшімен ғимараттың бірінші қабатынан 4 адам құтқарылды

ТЖМ баспасөз қызметі

Тараз қаласында базар аумағында орналасқан ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

«Бүгін, 20 қаңтарда сағат 13.22-де Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Өртке қарсы бөлімшелеріне «Ақсай» базарындағы жеке тұрған екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
‍Жамбыл облысы құтқарушыларының күшімен ғимараттың бірінші қабатынан 4 адам құтқарылды (зардап шеккендердің жағдайы анықталып жатыр).
Алдын ала ақпарат бойынша, өрттің ауданы шамамен 1500 шаршы метрді құрайды. Ғимаратта киім-кешек, ойыншықтар мен халық тұтынатын тауарлар сатылатын дүңгіршектер, екінші қабатта мата мен перде бутиктері орналасқан»
, - делінген мәліметте.