Байжановтың телефонынан Бишімбаевтың "өсиеті" табылды

Qaz365.kz редакциясы

Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Фото: Jogargy_sot

Бақытжан Байжановтың телефонынан 9 қарашада жазылған видеоның екі фрагменті табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Бұл Бишімбаевтың өсиеті. Мен ол өзін өлтіргісі келген кезде жаздым”, - деп түсіндірді Байжанов.

Оның айтуынша, Бишімбаевтың өзі одан видео түсіруді өтінген.

Бейнедыбысы сот залына енгізілді. Онда Бишімбаев қазақ тілінде сөйлейді. Сот залында Аудармашы орыс тіліне аударма жасады.

“Бар затымды, бар құндылықтарымды, шоттарымды балаларыма сыйлаймын. Назымға сыйлаймын. Балаларымды асырасыншы. Соның 10 пайызын мен Мансур, Карим, Ранияға сыйлаймын. Назымға сыйлаймын. Осыны айтам”, - дейді Бишімбаев онда.

Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді, бірақ кейін есіне түсті.

"Ия, мен пышақпен жүргенімді есіме түсірдім, олар қолымды бұрап тартып алды. Содан кейін мен Байжановқа "егер маған бірдеңе болса, бәрі менің балаларыма жетсін" деп айттым, - дейді Бишімбаев.