Салтанат Нүкенованың әкесі: істің беті әлі түгел ашылған жоқ

Qaz365.kz редакциясы

Шындық толық ашылды ма

Фото: әлеуметтік желіден

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша шындық марқұм Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүкеновтың пікірінше әлі толық ашылмаған, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Құдай деп жүрміз. Ауруханадан жақында шықтық. Процеске келіп отырмыз. Байжанов негізгі куәгер (сотталушы - авт.). Әлі түгел ашылған жоқ. Істің ашылуы жаңа ғана басталып жатыр. Естігеніміз - уақытга тергеу изоляторында вице-министр екеуін қосады. Мусин дегеннің аты аталды. Әділет министрлігі, прокуратура жеке тергеу жүргізіп, ішінде қандай вице-министр болғанын, қалай болғанын анықтау керек», - дейді ол Бестньюс тілшісіне берген жауабында.

Амангелді Нүкенов айтып отырған оқиға - екінші сотталушы Бақытжан Байжановтың сотта айтқанына негізделген. Байжаров тергеу изоляторында ұйықтайтын уақыттан кейін Бишімбаев, бір вице-министр әрі Мусин деген адаммен бірге өзімен сөйлеспекші болғанын мәлімдеген еді. Алайда оларды көрген Байжанов бірден кері бұрылып, түрме қызметкерлеріне енді өзін былай сөйлесуге шығармауды өтінген.