Досаев зейнеткерді әкімдікке жұмысқа шақырды

Qaz365.kz редакциясы

Тұрғындар мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына наразылық білдірді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу кезінде пікірталасқа түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесуде тұрғын әкімнің қарамағындағылардың халықпен жұмыс жасамайтынын айтып, шағымданды. Ол шенеуніктермен байланыса алмайтынын жеткізді.

«Сіздің орынбасарларыңыз, аудан әкімдері кеңселерінде жай ғана отыра бермей, жұмыс істеуі үшін тапсырма беріңіз. Көмекшілері «бос емес», «жұмысы бар», «ол жоқ», «жолда» дейді. Үнемі жолда жүрсе, қашан жұмыс істейді?!

Жандары шықса да, адамдарды қабылдасын деп тапсырма беріңіз. Неліктен? Өйткені оларға адамдар шай ішуге келмейді!», - деді зейнеткер.

Әкім мұндай ашу-ызаға жауап ретінде қарамағындағыларды қорғап, зейнеткердің осылай айтып, өзін де жұмысын атқармай жүрген адамға теңегенін айтты.

“Адамдар демалыссыз күніне 16 сағат жұмыс істейді. Құр ауызбен орақ ормайық! Сізді мемлекеттік қызметке шақырамын, бізбен бірге жұмыс жасаңыз. Бір ай бізбен бірге болып, қалай жұмыс істейтінімізді көріңіз. Бұл біріншіден.

Менің барлық орынбасарым айына екі рет барлық қажетті адамды қабылдайды. Олар ешқайда қашпайды. Мен қайталап айтамын, өйткені олар менімен жұмыс істейді. Сіздің айтып отырғаныңыз менің де әкім ретінде дұрыс жұмыс атқармайтынымды білдіреді. Тағы да айта кетейін, қалада мемлекеттік қызметкерлер онша көп емес, бірақ бәрі де адал, көп жұмыс істеуге тырысады.

Мен қол астымдағыларды ренжітпеймін”, –  деп жауап берді Алматы әкімі Ерболат Досаев.