Жигули ағаны жақсы көремін - Нұрлан Әуесбаев

Qaz365.kz редакциясы

Журналистер Нұрлан Әуесбаевтан алдағы жоспары жайлы сұрады

ЖСДП баспасөз қызметі

Журналистер Мәжіліске ЖСДП атынан өткен Нұрлан Әуесбаевтың депутат ретінде қандай жоспарлары барын сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Бүгін – бірінші күн. Мүмкін қазір мандат береді. Мына жұмыс орындарымен таныстырады. Әрі қарай уақыт көрсетеді”, – деп жауап берді ол.

Сондай-ақ журналистер Мәжілісте Жигули Дайрабаевпен бірге болатыны жайлы не ойлайтынын сұрады.

“Бірге боламыз. Жигули ағаны жақсы көремін”, – деп қысқа қайырды Нұрлан Әуесбаев.