Ерболат Досаев тағы бір лауазымынан айырылды

Qaz365.kz редакциясы

Ресми мәліметке қарасақ, шешім осы жылдың көктемінде күшіне енген

Ерболат Досаев «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің директорлар кеңесі құрамынан шығарылды. Бұл туралы ақпарат Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жарияланды деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, Ерболат Досаев 2025 жылдың қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Алайда 2026 жылдың наурыз айында ол бұл лауазымнан кеткен.

Бұған дейін оның «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің құрамынан да шығарылғаны хабарланған. Соңғы айларда Досаев бірнеше ірі ұлттық құрылымдардағы басқарушылық қызметтерінен біртіндеп шеттетіліп келеді.

Айта кетейік, 2012-2014 жылдары Досаев Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай 50 адамының рейтингіне енген еді. Яғни ол Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып тұрғанда Lancaster Group-тың 25 пайызына, «Қазинвестбанктің» 17,8 пайызына ие болған. Forbes оның 2014 жылы таза байлығын 110 миллион АҚШ долларына бағалады. Зайыбы Гүлнар Досаева «G and G Гламур» компаниясын басқарады. «G and G Гламур» – әлемдік люкс киім брендтеренің (Dolce&Gabbana, Michael Kors, Fendi, Max Mara, Gucci, Emporio Armani) дистрибьюторы.  

Бұған дейін оның жұбайы Гүлнар Досаеваның 2024 жылғы табысы 2,3 миллиард теңгеден асқаны туралы ақпарат жарияланды.