Ақордада Қонаев пен Вьетнам президентінің кездесуінен естелік суреттер жариялады

Qaz365.kz редакциясы

Тоқаев Вьетнамға Қазақстан басшысы ретінде алғаш рет келіп отырғанын айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Вьетнамда жүр. Осыған орай Борт №1 арнасы Вьетнамның тұңғыш президенті Хо Ши Мин мырзаның 1959 жылғы Қазақстанға алғашқы сапарын еске алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тоқаев Вьетнамға Қазақстан басшысы ретінде алғаш рет келіп отырғанын айтты.
Францияның отары болған Вьетнам әлемде алғашқылардың бірі болып тәуелсіздігін алып, Америкамен арпалыста жеңіске жеткен. Алғашқы президенті Хо Ши Мин. Ол Вьетнамды 1945-1969 жылдары басқарған.


 

Вьетнам КСРО-мен жақсы байланыста болды. АҚШ-пен соғыс кезінде қару-жарақ беріп тұрды. 1959 жылы  Ши Мин Алматыға да келген.  Оны Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасы Дінмұхамед Қонаев күтіп алады. Қасында белгілі геолог-ғалым Қаныш Сәтбаев та болған.