Ресей Балтық елдері мен Қазақстанға сес көрсетіп отыр - Зеленский

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, Ресей әр он жыл сайын жаңа соғыс бастайды

Reuters

Ресей Балтық елдері мен Қазақстанға сес көрсетіп отыр. Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясынде Украина президенті Владимир Зеленский осылай айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Украина президенті Владимир Зеленский «жек көрушілік бір халыққа қарсы қаруға айналғанда, ол ешқашан тоқтамайды» деп атап өтті. Оның айтуынша, Ресей әр он жыл сайын жаңа соғыс бастайды. 

«Әр он жыл сайын Ресей соғыс ашумен келеді. Молдова мен Грузия аумағы оккупацияда жатыр. Ресей Сирияны талқандады. Егер олар Сирияға бармағанда, химиялық қару қолданылмас еді. Ресей Беларусьты толық жұтудың алдында тұр, ал Балтық елдері мен Қазақстанға сес көрсетумен келеді», - деді ол.