Жаңа Премьер-министр тағайындалды
2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына бекітілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Олжас Бектеновтің кандидатурасын парламенттік партиялар фракцияларымен кеңескеннен кейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске ұсынды.
Палата 6 ақпандағы отырысында кандидатураны қолдады.
Бектеновтың кандидатурасына 69 депутат дауыс берді, 7 депутат қалыс қалды.
Қазақстан халық және Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы өкілдері дауыс беруден қалыс қалды.
Осылайша, Президенттің тиісті жарлығынан кейін Олжас Бектенов Қазақстанның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалады.
Еске салайық, бұған дейін Парламент Мәжілісінің төрағасы, "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов "Amanat" саяси партиясының атынан ҚР Премьер-министрі лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын.