Олжас Бектенов ҚР Премьер-министрі қызметіне бекітілді

Qaz365.kz редакциясы

Жаңа Премьер-министр тағайындалды

Фото: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі

2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына бекітілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олжас Бектеновтің кандидатурасын парламенттік партиялар фракцияларымен кеңескеннен кейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске ұсынды.

Палата 6 ақпандағы отырысында кандидатураны қолдады.

Бектеновтың кандидатурасына 69 депутат дауыс берді, 7 депутат қалыс қалды.

Қазақстан халық және Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы өкілдері дауыс беруден қалыс қалды.

Осылайша, Президенттің тиісті жарлығынан кейін Олжас Бектенов Қазақстанның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалады.

Еске салайық, бұған дейін Парламент Мәжілісінің төрағасы, "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов "Amanat" саяси партиясының атынан ҚР Премьер-министрі лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын.