Тоқаев Қырғызстан президентін Астана әуежайында күтіп алды

Qaz365.kz редакциясы

Ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізілмек

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.