Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді
Танымал актриса Ғазиза Тілеубай режиссер Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, ажырасудың басты себебі – ерлі-зайыптылардың бір-бірін толық танып үлгермеуі және отбасылық өмірге дайын болмауы.
«Өмірде не болатынын білмейсің. Ешқашан дайын болмайсың. Бірақ қатты бірінші күйеуіммен ажырасқан сияқты толығырақ ақпарат айтпаймын. Жеңіл айтар болсам, қайтадан екі адам өз-өзін танымаған. Бірақ та сыртқы нәрселердің бәрін алып, бүйтіп жатырмын, үйтіп жатырмын деп алып алған. Ішкі құрылысы толық емес. Сондай екі кісі кездесті. Ниеттері өте жақсы болды. Шынымен де ниетіміз өте жақсы болды. Бірақ та өмір жолында мүлде басқа skills қажет екен. Мүлде басқа тәжірибе қажет екен және де ол ниетті үнемі жаңартып тұру керек қой. Ал ол ниетті кішкене жоғалтып алдық деп ойлаймын. Сонымен міне осындай нәтижеге шықтым», — деді актриса.
Сондай-ақ ол некеден кейінгі өмірдің күрделі кезеңдеріне де тоқталды. Айтуынша, үйленгеннен кейін көп ұзамай жүкті болып, жаңа ортаға бейімделу мен тұрмыстық өзгерістер қатар келген.
«Әлеуметтік желілерде некемізді қиғанымызды айттық. Содан кейін кейбір өзгерістер пайда болды бізде. Мен соған қатысты ғана пікір білдіре аламын. Былай қарап тұрсаң, жүктілік, барлығы бірінен соң бірі болып кетті. Біз некемізді қидық. Одан кейін мен жүкті болдым. Сосын ол процесс оңай болған жоқ. Енді бір-бірімізге үйренісіп бастаған кезде бізде жүктілік пайда болды. Бірақ Алланың қалауымен. Біз оған ешқандай қарсы емеспіз. Дегенмен де жұптың енді бір-біріне үйренісіп, тұрмысты құрып жатқан кезде менің ойымша әлі дайын емес моменттер көбейіп кетті», — деді ол.
Актриса жүктілік кезеңінің де оңай болмағанын жасырмады. Оның сөзінше, ол жеті ай бойы оқшау қалған.
«Мен өзім жұмысымды толығымен Шымкентте қалдырып, Алматыда бастаймын деп жатқан кезде жүкті болдым. Мен ешқандай да жұмыспен айналыспадым. Толығымен оқшау (изоляцияда) болдым. 7 ай мен оқшау қалдым. Ол өте оңай емес жағдай болды. Өйткені оны тек мен ғана түсінемін және сондай жағдайда болған әйелдер ғана түсінеді», — деді Ғазиза Тілеубай.
Айта кетейік, Қуаныш Бейсек пен Ғазиза Тілеубай 2023 жылдың сәуір айында некелерін қиған. Кейін актриса қызы бір жасқа толған соң Шымкентке, ата-анасының жанына көшкенін айтты.
Айта кетейік, Қуаныш Бейсек — «Ирина Кайратовна» жобасының авторларының бірі.