Продюсер Меруерт Өтекешоваға тон, зергерлік бұйымдар сыйлап, өмір бойы қаржылай қолдау көрсететінін айтты
Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильміндегі аңызға айналған Қыз Жібек рөлін сомдаған Меруерт Өтекешовамен алғаш рет жүзбе-жүз кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Продюсер бұған дейін уәде еткендей, актрисаға тон мен эксклюзив зергерлік бұйымдар сыйлады. Сонымен қатар Алагөзова Өтекешова өзі таңдаған пәтерді алып беретінін мәлімдеді.
Көз жасына ерік берген актрисаға Баян Мақсатқызы ағынан жарылды.
«Мен сіздің жылағаныңызды қаламаймын, мен сіздің қуанғаныңызды қалаймын. Тағы да айтамын, сіздей адам болған жоқ, әрі болмайды. Мен сізге пәтер сыйлағым келеді. Қандай пәтер қалайсыз, дәл сондайын, қай ауданнан қаласаңыз, сол жерден алып беремін. Сізге уәде беремін, екі айдың ішінде өзіңіз айтқан ауданнан пәтер таңдап береміз. Сіз ең жақсы жағдайда өмір сүруге лайықсыз. Білесіз бе, сіз әрдайым маған арқа сүйей аласыз. Мен сізді қатты жақсы көремін. Сізді алғаш рет көріп тұрмын, бірақ мен сізге әрдайым, әрдайым тәнті болдым. Бұл – шындық», - деді продюсер.
Еске сала кетейік, бұған дейін Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойы ай сайын 1 млн теңге көлемінде зейнетақы төлейтінін жариялаған болатын.