Ораза - 2023: Пітір садақа мөлшері қанша

Qaz365.kz редакциясы

Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады

көрнекі сурет

Биыл пітір садақа мөлшері - 535 теңге. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы мүфтияттың қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады", - деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ жиын барысында Рамазан айының қашан басталатыны да айтылды.