Нақты ұстанымым бар: депутат Ерлан Саиров «Павлодар» және «Петропавл» атауына байланысты пікірін білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, бұл мәселені жергілікті мәслихат депутаттары шешу керек

nurmedia.kz

Ерлан Саиров «Павлодар» және «Петропавл» атауына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, бұл мәселені жергілікті мәслихат депутаттары шешуі керек.

«Менің ойымша, азаматтар өз арасында қаланы «Қызылжар» деп атай берсе болады. Ал ресми жағдайға келетін болсақ, ол – сол жердегі жергілікті мәслихаттың құзіреті. Біз құқықтық мемлекетте тұрғандықтан, әр қадамды құқықтық дәрежеде шешу керек. Облыстағы дептутаттар жергілікті халықпен ақылдасып, ұсыныс айту керек. Керекуге келетін болсақ, нақты ұстанымым бар. Кереку – «көпес» деген сөз. Қ.Сәтпаев, Ш.Айманов сияқты дұрыс атауды пайдалануға болады», – деді депутат Ерлан Саиров.

Еске сала кеетйік, науырздың 19-ы Петропавлдың бір топ белсендісі Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп мәлімдеме жасап, Халық Кеңесі құрылғанын жариялаған болатын. Осыдан кейін халық арасында Павлодар және Петропавл қалаларына қазақша атау беру мәселесі қызу талқыға түсті.