Жұмысшыларды "баран" деп балағаттаған "Қазфосфат" менеджері халықтан кешірім сұрады

Qaz365.kz редакциясы

Мен сіздердің көздеріңізге тіке қарай алмаймын

Коллаж: Халық үні

Жұмысшыларды "Баран" деп балағаттаған мекеме менеджері халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

“Мен араларыңызда біреуді ренжіткен болсам, сіздерден мені кешірулеріңізді өтініп сұраймын. Мен сіздердің көздеріңізге тіке қарай алмаймын. Арамызда қандай жағдай болса да, ол маңызды емес.Сіздермен бірге жұмыс істегеніме қуаныштымын”, – деді “Қазфосфат” мекемесі басшысы Олег Куликов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Таразда "Қазфосфат" қызметкерлері наразылыққа шығып, мекеме басшысы қызметтен алынғанын хабарлаған болатынбыз.