COVID-тен де қауіпті жаңа пандемия қаупі бар - ДДҰ

Qaz365.kz редакциясы

Тедрос Гебрейюс бүкіл әлемді болашақта қауіпке қарсы тұруға дайын болуға шақырды

atorus.ru

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері адамзатқа COVID-тен де қауіпті жаңа пандемия қаупі бар екенін болжады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

23 мамырда Женевада өткен жыл сайынғы ассамблеяда ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейюс жаңа пандемия қаупін жоққа шығаруға болмайтынын айтты.

"Ауру мен өлімнің жаңа ошақтарына әкелуі мүмкін [COVID] вирусының басқа да нұсқасы пайда болмасына кім кепіл. Сондай-ақ одан да өлім қаупі бар жаңа патогеннің пайда болу қаупі бар", - деді ұйымның бас директоры.

Тедрос Гебрейюс бүкіл әлемді болашақта қауіпке қарсы тұруға дайын болуға шақырды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ДДҰ 5 мамырда 2020 жылдан бері күшіне енген жаһандық коронавирустық пандемия мәртебесін жою туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде пандемия 1150 күнге созылды.