Павлодар тұрғыны граната жармақ болды

Qaz365.kz редакциясы

Қазіргі уақытта саперлер жарылғыш затты тексеріп жатыр

Фото: Т.me/POLICE_of_KZ

Павлодарда отбасылық жанжал кезінде гранатаны жарып жіберемін деп айқайлаған ер адамды полиция қызметкерлері сабырға шақырып, гранатаны залалсыздандырды, деп хабарлайды qaz365.kz  Polisia.kz сайтының ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Сағат 11:30-да қалалық полицияға отбасылық жанжал туралы қоңырау түсті.

Пәтерде мас адам ұрыс шығарып, гранатаны жарып жіберемін деп айқайлаған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны сабырға шақырып, сөйлесе бастаған.

Осы сәтті пайдаланған полицейлердің бірі гранатаны ер адамның қолынан жұлып алып, оны залалсыздандырған.

"Барлық арнайы қызметтер оқиға туралы хабардар етілді. Үй тұрғындары эвакуацияланды", - деп мәлімдеді полиция.