Алматыда жоғалып кеткен атақты қазақ боксшысы табылды

Qaz365.kz редакциясы

Белгілі боксшы аман-есен табылды

Фото: жеке мұрағаттан / vecher.kz

Полиция 1959 жылы туған әйгілі боксшы Серік Нұрқазовтың аман-есен табылғанын хабарлады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Боксшының жоғалып кеткені туралы деректі «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының өкілдері жариялаған еді.

«Медеу аудандық полиция Басқармасы хабарлағандай, 1959 жылы туған С.Нұрқазов азамат аман-есен табылып, туыстарына тапсырылды», – деп хабарлады полицияда.

Еске салайық, Серік Төкенұлының хабар-ошарсыз кеткені туралы «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының Instagram-дағы парақшасында хабарланған еді.