Асылжан Бектай ауыр атлетикадан Азия Чемпионы атанды

Qaz365.kz редакциясы

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Бахрейнде өтіп жатыр

olimpic.kz

Қазақстандық зілтемірші Асылжан Бектай Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап..

Асылжан 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп отыр. Қоссайыс нәтижесінде Асылжан Бектай 362 (165+197) келі көтерді.

Екінші орынды –  Эмиль Молдодосов (Қырғызстан) - 361 (166+195) келі көтеріп алды. Масуд Чатраей (Иран) 358 (162+196) келімен үшінші орынға шықты.