ҚПЛ-дан Астана футбол клубы 2022 жылдың жеңімпазы атанды

Qaz365.kz редакциясы

Елордалық "Астана" футбол ұжымы өз тарихында жетінші рет Қазақстан чемпионы атанып отыр

fcastana.kz

Бүгін 2022 жылғы Қазақстан премьер-лигасының шешуші матчтары өтті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Елордалық "Астана" футбол ұжымы өз тарихында жетінші рет Қазақстан чемпионы атанып отыр. Ол соңғы турда қарағандылық "Шахтерді" (3:2) есебімен жеңіп, 53 ұпай жинады. 52 ұпаймен екінші орынды "Ақтөбе" футбол командасы иеленді. "Тобыл "турнирдің " қола  медаль" иегері атанды. Қостанайдан келген ұжым соңғы турды 47 ұпаймен жапты.

Биылғы маусымның қорытындысы бойынша соңғы орын алған екі ұжым Оралдық "Ақжайық" пен Түркістандық клуб "Тұран" КПЛ-дан Бірінші лигаға түсіп қалды. Олардың орнын келесі жылы Қызылордалық  "Қайсар"  мен Көкшетаулық "Оқжетпес" командалары иеленеді.