Қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жегінен кейін ауруханаға түсті

Qaz365.kz редакциясы

Бұрын жеңілмеген кәсіпқой боксшы 12 раундта күтпеген жеңіліске ұшырады

meta-ratings.kz

Әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектен кейін Айдос Ербосынұлы Миннеаполистегі ең үздік клиникаға орналастырылды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі "Suleimen Promotions"  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда Айдостың өміріне қауіп жоқ. Оның денсаулыңғы шамамен 2 апта бойы жіті бақыланатын болады.Бұрын жеңілмеген Айдос Ербосынұлы (16 жеңіс және 11 нокаут) кубалық Дэвид Моррелмен шайқаста 12 раундта күтпеген жеңіліске ұшырады. Сарапшылар мен жұртшылық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша кездесуді сегізінші раундта тоқтату керек деп санайды.

“Қазір Айдостың денсаулық жағдайы туралы кейбір БАҚ өкілдері жағымсыз ақпаратты көбірек таратуда. Сондықтан жалған ақпаратқа сүйенбей, тек ресми жаңалықтарымызды көруді сұраймыз. Біз боксшының ата-анасы мен жақындарын АҚШ-қа келуін ұйымдастырып жатырмыз. Қазіргі уақытта біздің тарапымыздан TGB және PBC промоутерлік компанияларының және "ShowTime"телеарнасының өкілдерімен брифингтер үнемі өткізіліп тұрады”, – делінген промоутерлік компания хабарламасында.

 Боксшылар арасындағы жекпе-жек Миннеаполистегі екінші орта салмақтағы WBA әлем чемпионы атағы үшін өткен болатын. Спортшының жеке өмірінің құпиялылығына байланысты Айдостың орналасқан жері мен жағдайы туралы нақты және ресми деректер жоқ.

Түрлі дереккөздердің деректері бойынша қазақстандықты Хеннепин округінің медициналық орталығына жеткізіп, миға қан кету диагнозын қойылып, медициналық комаға түскен. Оның миына қысымды төмендету үшін нейрохирургиялық операция жасаған болуы мүмкін. 

Бұл спортшының жеке өміріне байланысты болғандықтан, біз толық ақпаратты тарата алмаймыз. Қазір "Suleimen Promotions" және PBC өкілдері Айдостың жағдайын жіті бақылап отыр.