ӘЧ-на 5-мәрте қатысып жатқан Роналдудың оқырманы жарты миллиардқа жетті

Qaz365.kz редакциясы

Танымал футбол жұлдызының жасы – 37-де

скриншот / Криштиану Роналду

ӘЧ-на 5-мәрте қатысып жатқан Роналдудың Instagram әлеуметтік желісіндегі оқырмандар саны жарты миллиардқа жетті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Әйгілі футболшы Португалия құрамасының 2022 жылғы Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатына баратын тізіміне енгізілді. Осылайша 37–жастағы ойыншының өз мансабында бесінші мәрте дүбірлі додаға қатысуына мүмкіндік туып отыр.

Айта кетсек, H тобында сынға түсетін Португалия 24 қарашада Гана, 28 қарашада Уругвай, 2 қарашада Оңтүстік Корея құрамаларымен кездеседі.

Бұрынғы мұндай мүмкіндікке мексикалық Антонио Карбахаль (1950-1966) мен Рафаэль Маркес (2002-2018), германиялық Лотар Матеус (1982-1998) ие болған. Ал итальяндық қақпашы Джаинлуиджи Буффон бес турниге қатысқанмен, оның төртеуінде ғана жасыл алаңға шыққан.