Шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында Бейсен Құранбекті еске алуға арналған республикалық турнир өтеді

Qaz365.kz редакциясы

Республикалық турнирге ел қалаларынан келген 10 команда қатысады

26 қараша күні Талдықорған қаласында белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир екінші мәрте өтеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылар –  “Жетісу” телеарнасы мен “Жетісу”  газеті, және “Janr” әдеби клубы. 

“Биылғы турнирге Жетісу облысының әкімдігі мен “Medialab” комуникация агенттігі және Көксу ауданының әкімдігі демеушілік жасады. Республикалық турнирге Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Өскемен, Талдықорған қалаларынан келген 10 команда қатысады. Командалардың барлығы дерлік БАҚ өкілдерінен жасақталған. Турнирде төрт орынға жүлде тағайындалады. Сонымен қатар Жұматай Жақыпбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы екі бірдей арнайы сыйлық тапсырылады”, – дейді ұйымдастырушылар. 

Жарыс – Талдықорған қаласы, “Жастар” спорт сарайында таңғы сағат: 09:00-де басталады.