Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің алғашқы ойынында вундеркиндті жеңді

Qaz365.kz редакциясы

Ол Бренда Фрухвиртовамен кездесті

Ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гарросты жеңіспен бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші айналымдағы кездесуде Рыбакина Чехияның 16 жасар өкілі, жаңа буынның болашағынан зор үміт күттіретін, дарынды теннисшілердің бірі Бренда Фрухвиртовамен кездесті.

Рыбакина екі сетте жеңіске жетті - 6:4, 6:2. Кездесу бір сағат 21 минутқа созылды.

Келесі айналымда Қазақстанның үздік теннисшісі Чехияның тағы бір теннисшісі Линда Носковамен кездеседі.