Футбол әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққан құрамалар анықталды

Qaz365.kz редакциясы

Бұдан әрі Чемпиондыққа басқан әр қадам маңызды болмақ

 

Prosports.kz

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алған құрамалар анықталды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. 

Бүгін күллі әлем көз тіккен дүбірлі доданың топтық кезеңі мәресіне жетті. Нәтижесінде 1/8 финалға шыққан 16 құрама белгілі болды. Олардың қатарында Франция, Австралия, Бразилия, Португалия, Нидерланд, Испания, Сенегал, Англия, Жапония, АҚШ, Аргентина, Польша, Марокко, Хорватия, Оңтүстік Корея құрамалары бар.

Жарыстың 1/8 сатысында аталған құрамалар төмендігіше жұп құрады:

3 желтоқсан

Нидерланд - АҚШ

Аргентина - Австралия

4 желтоқсан

Франция - Польша

Англия - Сенегал

5 желтоқсан

Жапония - Хорватия

Бразилия - Оңтүстік Корея

6 желтоқсан

Марокко - Испания

Португалия - Швейцария

Ал 9 және 10 желтоқсанда 1/4 финал ойындары өткізілсе, 13 және 14 желтоқсанда жартылай финал ойындары болады. Ал 3-орын үшін ойын 17 желтоқсанға белгіленсе, финал 18 желтоқсанға белгіленген.