Шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионатының жеке жарыс нәтижелері шықты

Qaz365.kz редакциясы

Ерлер арасында ‒ Наиль Башмаков, әйелдер арасында ‒ Дарья Ряжко жеңіс тұғырынан көрінді

e-orda.kz

Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск  қаласы бұл күндері шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионатын қабылдауда, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР ҰОК Шаңғы федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Сіздердің назарларыңызға 28-қыркүйек күнгі шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионатының жеке сайыстың нәтижелерін ұсынамыз:

Ерлер арасында он бес шақырым қашықтықта жарысудан жеңіс тұғырына ‒ Наиль Башмаков көтерілді. Күміс жүлде ‒ Владислав Ковалевқа бұйырды. Ал қола жүлдені ‒ Олжас Климин иеленді.

Әйелдер арасында он шақырым қашықтықта жарысудан бірінші орынды ‒ Дарья Ряжко иеленді. Екінші орын ‒ Ксения Шалыгинаға бұйырды. Үздік үштікті ‒ Анна Мельник түйіндеді.