Универсиада-2023: Қазақстан бірінші «алтынын» жеңіп алды

Qaz365.kz редакциясы

Қазірге дейін ел құрамасы қоржынына 11 медаль түсті

olympic.kz

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада таеквондошы Рита Бакишева (48 келі) чемпион атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстандық спортшы финалда қытайлық Тайбейден келген Хуань Инь Суаньнан басым түсті.

Қазірге дейін ел құрамасы қанжығасына 11 медальды байлады.

Оның ішінде бір алтын, бес-бестен күміс және қола медаль бар.

Жазғы универсиада 28 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық бақ сынап жатыр.