Абылайхан Жұбаназар Азия ойындарында қола жүлдегер атанды

Qaz365.kz редакциясы

Ол 81 келі салмақта белдескен еді

Сали Сабыров

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен Абылайхан Жұбаназар қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz

81 келі салмақта ел намысын қорғаған Абылайхан үшінші орын үшін өткен белдесуде өзбекстандық Мусо Собировты жеңіп, Азияда қоласын еншіледі.

Айта кетейік, Қазақстан дзюдодан әзірге 4 жүлде, бір күміс, үш қолаға ие болды. Атап айтсақ, Абиба Әбужақынова (48 келі) күміс, Эсмигул Куюлова мен Мағжан Шамшадин (60 келі) қола медаль еншілеген еді.