Елена Рыбакина 2022 жылғы World Tennis League турнирінде жеңіске жетті

Qaz365.kz редакциясы

Отандасымыз  әлемнің бірінші ракеткасы Иги Швёнтекті ұтты

Фото: ktf.kz

Hawks әлем жұлдыздарының құрамындағы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда өткен World Tennis League командалық турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды qaz365.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

World Tennis League-2022 финалында Hawks (Қаршығалар) командасы Kites (Әуе жыландары) командасын 37:25 есебімен жеңіп кетті. Отандасымыз  әлемнің бірінші ракеткасы Иги Швёнтекті ұтып, командасына бірінші әрі маңызды ұпайды әперді. 

Елена Рыбакина (Hawks) – Ига Швёнтек (Kites) - 6:3, 6: 1

Феликс ОГЕ-Альяссим (Kites) – Александр Зверев (Hawks) – 6:4, 6: 3

Доминик Тим / Анастасия Павлюченкова (Hawks) – Холгер Руне / Саня Мырза( Kites) – 7:6(4), 6:3.

Айта кетсек, Дубай корттарында еліміздің алғашқы ракеткасы барлық үздік теннисшілерді жеңіп, бір де бір матчта жеңілген жоқ. Басында Елена әлемнің бесінші ракеткасы Арина Соболенкоданбасым түсті, содан кейін әлемдік рейтингте 4-ші орында тұрған Каролин Гарсия өзінің жеңілгенін мойындады. Ал шешуші матчта WTA әлемдік рейтингісінің көшбасшысы Ига Швёнтектің бетін қайтарды.