Азия ойындарында каратэден үш спортшымыз финалға жолдама алды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында каратэден үш спортшымыз финалға жолдама алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әйелдер күресінен 76 келідегі Жәмилә Бақбергенова үш қарсыласынан басым түсті.
Әлем чемпионатында 3 жыл қатарынан жүлде алған қазақ палуаны жартылай финалда Киранды (Үндістан) жеңді. Есеп: 4-2.
Жәмилә алғашқы белдесуінде Өзбекстан құрамасының көшбасшысы Светлана Окназарованы, ширек финалда моңғолиялық Ариунджаргал Ганбатты еш қиындықсыз таза жықты. Енді ол финалда Айпері Медетқызы (Қырғызстан) немесе Хуей Чангпен (Тайбэй) күреседі. Жүлде жолындағы айқастар Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады. Бәсекені Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
Сондай-ақ каратэден ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Қайсар Алпысбай үш қарсыласын жеңді. Алдымен, Малайзиядан келген спортшыны 5:3 есебімен, ширек финалда таиландық каратэшіні 8:3 есебімен жеңді.
Жартылай финалда индонезиялық Ари Сапутраға мүмкіндік қалдырған жоқ (12:3).
Енді финалда Кувейт спортшысымен кездеседі.
Кеше 75 келі салмақтағы Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанған болатын.
Ал әйелдер арасында 68 келі салмақта өнер көрсеткее Лаура Әліқұл күміс жүлдені қанағат тұтты.
Джиу-джитсудан 57 келі салмақта бақ сынайтын Галина Дуванова алтынға таласады.
Отандасымыз жартылай финалда әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері Орапа Сенатамның (Таиланд) осал тұсын тапты.
Оған дейін Галина іріктеуде Вуонг Мин Нгуен (Вьетнам) мен Удвал Цогхууды (Моңғолия) жеңген. Енді финалда Азияның 3 дүркін чемпионы Анние Рамирезбен (Филиппин) күш сынасады.
Галина үшін бұл екінші Азиада. Ол Джакртадағы бәсекеде 9-сатыдан көрінген. 24 жастағы Дуванова былтыр АҚШ-тың Бирмингем қаласында өткен Дүниежүзілік ойындарда күміс жүлдегер атанған.
Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.