Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді - видео

Qaz365.kz редакциясы

WBO және IBF нұсқасы бойынша

 

Ашық дереккөздерден

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Германиялық Винченцо Гуальтериді техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBO IBF белбеулерін иеленді.

12 раундқа жоспарланған кездесу мерзімінен бұрын 6-раунда аяқталды.

Айта кетейік, кездесу бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 07.00-де Розенберг қаласында (АҚШ, Техас штаты) өтті.

Жәнібекті жеңісімен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Жекпе-жектің видеосын мына жерден қараңыз.