Қазақстан семсерлесуден Азия жастар чемпионатында "алтынға" ие болды

Qaz365.kz редакциясы

Семсерлесуден дүбірлі дода Кувейтте өтіп жатыр

olimpic.kz

Қазақстандық София Николайчук Кувейттегі семсерлесуден Азия жастар чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Ол сапымен семсерлесу жарыстарында қарсылас шақ келтірмей, ұпай санымен бірінші орынға ие болды.

Бағдарламаның осы түрінде Владислава Андреева қола медаль жеңіп алды.

Жеңіске жеткен спортшыларымызға алдағы жарыстарына табыс пен сәттілік тілейміз!