Щучинскіде кафеде болған жарылыс: тағы екі адам ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

12 адамның өмірін жалмаған іске қатысты тергеу жүріп жатыр

26 ақпанда Ақмола облысының Щучинск қаласындағы дәмханада болған жарылыстан 12 көз жұмып, 29 адам зардап шеккен еді. Осы іске қатысты тағы екі адам ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Прокуратура сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

20 сәуірде автогаз құю станциясының директоры мен газ баллондарын жеткізуші ұсталды. Олар қызмет көрсету барысында заң талаптарын бұзды деген күдікке ілінді. Күдіктілердің біріне қамау, екіншісіне үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Айта кетейік, оқиға кезінде өрт сөндірушілер оқиға орнынан 8 газ баллонын алып шыққан еді.

Еске сала кетсек, 22 сәуір күні Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өтті.