Еліміздің басым аймақта жауын-шашын жетіспеушілігі байқалады
Синоптиктер Қазақстанда жазда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Консультативті болжамға сәйкес 2023 жылы жазда республиканың басым бөлігінде температуралық фон нормадан жоғары, тек солтүстік аймақтарда норма шамасында болады.
"Республиканың солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында фронтальды бөліктердің өтуімен және Солтүстік теңіз ауданынан келетін суықтың әсерінен ауа температурасы күндіз +30+38°С-ден +15+20°С-ге дейін ауытқуы мүмкін, ал еліміздің оңтүстік-батыс жартысында жекелеген күндері термометр бағаны +40+45°С-ге дейін жоғарылайды деп болжанады. Ыстық күндер нөсер жаңбырлы қатты желмен, найзағайлы салқын күндермен ауысып отырады", – делінген "Қазгидромет" РМК ұсынған ақпаратта.
Маусым республиканың басым бөлігінде ыстық болады деп болжанды, орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында норма шамасында болжанады (норма: республиканың басым бөлігінде +18+23°С, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында +24+28°С, республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында +7+17°С).
Шілдеде республиканың басым бөлігінде орташа ауа температурасы норма шамасында, Казақстанның оңтүстік аймақтарында нормадан 1° жоғары күтіледі (норма: республиканың басым бөлігінде +18+24°С, еліміздің оңтүстік жартысында +25+30°С, республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында +9+17°С).
Жаздың соңғы айы – тамыз еліміздің басым бөлігінде ыстық болады деп болжанды, орташа ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, тек республиканың солтүстік-батыс жартысында норма шамасында болжанады (норма: республиканың басым бөлігінде +20+28°С, еліміздің солтүстік-шығыс жартысында +16+19°С, республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында +11+15°С).
"Жауын-шашынға келетін болсақ, жалпы республиканың басым аймақтарында жазда жауын-шашынның жетіспеушілігі байқалады. Жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында күтіледі", – "Қазгдромет" РМК.
Жауын-шашын: