×

Еліміздің 13 аймағында ауа райы бұзылады

Облыстың орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі бар

Еліміздің 13 аймағында ауа райы бұзылады
фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет мамандары 6 мамыр, сенбіде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 2 градус үсік жүреді.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Жамбыл облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында - 15-20, екпіні - 23-28 м/с, таңертең және күндіз облыстың солтүстік-шығысында кей уақыттарда жел қарқыны 30 м/с асады.

Күндіз Түркістан облысыныңоңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте күннің екінші жартысында күн күркірейді. Шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20, түнде кей уақытта - 23 м/с.

Күндіз Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші - 15-20 м/с. Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, зжел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл соғады. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде желдің күші - 15-20, облыстың орталығында, шығысында екпіні - 23-28 м/с, күндіз облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с, күндіз Жалаңашкөл ауданында - 28 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел соғады, екпіні күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың оңтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Облыстың орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Қалада мобильді бригадалардың кезекшілігі ұйымдастырылады
Синоптиктер қала тұрғындары мен қонақтарына есеерту жасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →