×

"Қазгидромет" ескертеді: Алматының таулы аймақтарында су деңгейі көтерілуі  мүмкін

Тау бөктеріндегі аймақтарда су тасқыны болуы мүмкін

"Қазгидромет" ескертеді: Алматының таулы аймақтарында су деңгейі көтерілуі  мүмкін
Almaty Today

Ауа райының жылынуы және жауын шашын салдарынан таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі  мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Орташа тәуліктік температураның жоғарылауына және жауын- шашын болжамына байланысты 6-8 сәуір аралығында таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде, Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда су тасқыны болуы мүмкін”, – делінген “Қазгидрометтің” 5 сәуірдегі № 6 жедел ескертуінде.

Осыған орай Алматы қаласы ТЖД тұрғындарға жақын орналасқан  арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажеттігін ескертеді.

Еске сала кетейік, соңғы бірнеше күнде Қазақстан су тасқынының зардабын шегіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты үндеу жариялады.

Оның айтуынша, мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған – бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады.

Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының аудан-қалаларында төтенше жағдай жарияланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қалада мобильді бригадалардың кезекшілігі ұйымдастырылады
Синоптиктер қала тұрғындары мен қонақтарына есеерту жасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →