×

Текеліде туризмді дамытуға ықпал ету мақсатында визит-орталық ашылады

Текелі қаласында 54 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді

Текеліде туризмді дамытуға ықпал ету мақсатында визит-орталық ашылады

21 қаңтарда «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Текелі қалалық филиалында қаланың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің қорытындыларын және биыл жүзеге асыру жоспарланған инвестициялық жобаларды саралауға арналған алқалы жиын өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жиынға кәсіпкерлер мен инвесторлар, қала әкімінің және қала прокурорының орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты. Жиын тізгінін ұстаған Кәсіпкерлер палатасы Текелі қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов қаланың даму өрісіндегі маңызды мәселені бірлесе талқылаудың өзектілігін айтып, қатысушыларды ашық әңгімеге шақырды.

Алдымен сөз алған Текелі қаласы әкімінің орынбасары Әлия Оңғарбекова қаланың 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жайлы баяндады. Текелі қаласында 54 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді. Өткен жылы 30,0 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі шығарылды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 11,5 млрд. теңгеге жетті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,0 млрд. теңгені құрады. Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттарының жалпы көлемі – 14,2 мың шаршы метр. Жыл қорытындысы бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 9,4 млрд.теңге болды. Ә.Мүбаракқызының айтуынша, қалада 1746 шағын және орта бизнес субъектісі бар. Оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету барысында 608,0 млн. теңгеге 31 жоба субсидияланды. Өткен жылы 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Атап айтсақ, «California» спорттық-туристік кешені, «Алтын» қонақүйі, «Құлагер» автобөлшек дүкені, «Sulpak», «Светофор» сауда үйлері ашылды. Қала әкімінің орынбасары алдағы уақытта іске асырылуы тиіс жобаларға да жан-жақты тоқталды.

Өткен жылы өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен, «Стиллерс» ЖШС-не металл конструкцияларын өндіретін зауыт құрылысына жер телімі бөлінген. Жиын барысында «Текмет» ЖШС директоры Бақыт Шалбаев консорциум аясында жүзеге асатын металл конструкцияларын өндіруге арналған инвестициялық жобаның барысымен таныстырды.

Облыс прокуроры М.Басшыбаевтың халықпен кездесу қорытындысы бойынша берілген тапсырмасының аясында Текелі қаласында туризмді дамытуға ықпал ету мақсатында визит-орталық ашу жоспарланған болатын. Осы орталықты ашу қадамдары жайлы кәсіпкер Асхат Базарбаев тарқатып айтып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Қала прокурорының орынбасары Арман Каиров қалада жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларды назардан тыс қалдырмайтындықтарын атап өтті.

Алқалы жиында қаланың инвестициялық ахуалын жақсарту, кәсіпкерлікті, туризмді дамыту, экологиялық қауіпсіздікті сақтау және тағы басқа бағыттағы түйіткілді мәселелер талқы таразысына салынып, шешу жолдары қарастырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан банктері шетелге ақша аудару ісінде жаңа стандартқа көшті
16.01.2025ж. 15:17

Қазақстан банктері шетелге ақша аудару ісінде жаңа стандартқа көшті

Жаңа стандарт 13 қаңтардан бастап іске қосылған
Ол Орталық Азия мен Армения аймағына жетекшілік етеді
Банк клиенттері үшін қосымша артықшылықтар мен мүмкіндіктер ұсынып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →